Қазақстан Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымы келісімге келді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Женева қаласында (Швейцария) қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Еуропалық ядролық зерттеулер жөніндегі ұйымы (CERN) арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа қатысты халықаралық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.