Түркістан облысында БАҚ саласының үздіктері марапатталды
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Түркістан облысында 28 маусым - Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Төлеби ауданында ұйымдастырылған салтанатты шарада алғашқы болып сөз алған өңір басшысы Жансейіт Түймебаев БАҚ саласы қызметкерлерін айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.