Қазақстанда жыл басынан 11 903 ғимараттың құрылысы аяқталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында құрылыс жұмыстарының көлемі 562,2 млрд теңгені құраған. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,1 процентке көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.