2018 жылдың бірінші тоқсанында қанша баспана пайдалануға берілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бері тұрғын үй саласына 274,8 млрд теңге инвестиция құйылды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2018 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.