Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 24,3 пайызға ұлғайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 24,3 пайызға ұлғайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында 2018 жылдың 1 тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жайында баяндаған ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.