Айдынды Алакөл биыл 1 миллионға жуық туристі қарсы алмақ
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат -Алматы облысындағы айдынды Алакөлде соңғы төрт жылда туризмді дамытуға бағытталған жұмыстар қарқын алды. Нәтижесінде нысандардың саны 92-ден 182-ге дейін артты. Бүгінде мұнда демалушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.