Шымкенттегі ауыр атлетикадан ҚР чемпионатына 132 атлет қатысуда
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттегі «Биік» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ҚР жеке кубогы мен чемпионаты өтіп жатыр. Ерлер мен әйелдер арасындағы жарысқа еліміздің 14 облысынан және Алматы, Астана қалаларынан 132 атлет қатысуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.