ВАШИНГТОН. ҚазАқпарат - Қазақстан мен АҚШ іскерлік топтарының отырысында 7 млрд доллардың келісімшарты жасалады. Бұл туралы бүгін Ақ үйде Америка Құрама Штаттарының Президенті Дональд Трамппен екеуара кездесуден кейін бірлескен мәлімдеме жасау барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.