АСТАНА. ҚазАқпарат - Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жекешелендірудің өзекті бір мәселесіне баса назар аударды. Инвентаризация бойынша сатуға шығарылатын кәсіпорындардың нақты тізімі жасалса да, уақыт өте келе, жаңа нысандар саңырауқұлақтай көбейіп кетеді. Сол үшін Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке бүгін ескерту жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.