Мәскеуде автобус жерасты өткеліне түсіп кетіп, бес адам қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеудің батысындағы «Славян бульвары» метросының маңында, автобус жерасты өткеліне түсіп кетті. Көлік астына қалған бес адам көз жұмып, тағы сегіз адам жарақат алды, деп хабарлайды ресейлік ТАСС агенттігі.