Қазақ-қырғыз тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізу қажет
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақ-қырғыз тауар айналымын 1 млрд долларға жеткізу қажет. Бұл туралы бүгін Ақордада Қырғыз Президенті Сооронбай Жээнбековпен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейінгі бірлескен мәлімдеме барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.