Динара Сәдуақасова Азияның ең үздік шахматшысы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын берілетін «Asian Chess Excellence Awards» сыйлығын тапсыру рәсімінде қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Азияның 2017 жылдағы ең үздік шахматшысы деп жария етілді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Қазақстанның шахмат федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.