Елбасы: Қазақстан Қырғызстанмен арадағы барлық мәселелерді шешуге дайын
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Қырғызстанмен арадағы барлық мәселелерді шешуге дайын. Бұл туралы бүгін Ақордада елімізге ресми сапармен келген Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбековпен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.