Рудный қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары 8 жылға сотталды
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Рудный қалалық сотында пара алу кезінде ұсталған Рудный қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Мақсұт Досполовқа қатысты үкім шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан. Үкімді судья Мәдина Бектілеева оқыды.