Ақмолада полицейді капотында сүйреген ер адам 5 жылға сотталды
Полиция мәліметінше, бұл оқиға былтыр ақпанда Жақсы ауылының маңында болған. Ауыл тұрғыны полицияға бағынбағаны үшін қамауға алынған болатын.
"Сот шешімімен 24 жастағы сотталушы Қылмыстық кодекстің 380-бабы ("Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану") және Қылмыстық кодекстің 378-бабы ("Билік өкілін қорлау") бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметінше, оқиға былтыр 14 ақпанда болған. Полицейлер Екатеринбург-Алматы жолының 917-шақырымында Chevrolet Aveo жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру кезінде полицейлер ер адамның алкогольдік және есірткілік мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен үш рет айырылғанын анықтады.
Полицейлер көлікті арнайы тұраққа жіберу үшін автокөлікті алып қою актісін жасай бастады. Сол кезде ер адам полиция бөлімінің ғимаратынан шығып, көліктің артына отырып, жасырынуға тырысқан. Полиция қызметкері көлікке жүгіріп барып, жүргізуші есігін ашуға тырысқан. Алайда жүргізуші тоқтамай, полицейді капотында сүйреген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!