Алтай Көлгінов құрылыс нысандарын аралап, үлескерлермен кездесті
![Алтай Көлгінов құрылыс нысандарын аралап, үлескерлермен кездесті](http://www.inform.kz/fotoarticles/20190619071700.jpg)
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімі Алтай Көлгінов үлескерлік құрылыстың проблемалы нысандарын аралады. Әкім нысандардың құрылыс барысымен танысып, тұрғын үй кешендерінің үлескерлерімен әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.