Оралда «KAZAKH INVEST» ҰК» өңірлік өкілдігі құрылып, жұмыс жасай бастады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ-ның өңірлік өкілдігі құрылып, жұмыс жасай бастады. Бұл туралы БҚО әкімдігінде облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалық етуімен және «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешевтің қатысуымен өткен жиында мәлім етілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.