Қырғызстан президенті Садыр Жапаров пен Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон Астанаға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Тәжікстан көшбасшысының баспасөз қызметінің мәліметінше, Рахмонды Астана халықаралық әуежайында премьер-министр Олжас Бектенов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Фото: president.tjҚырғызстан президентінің баспасөз қызметі Астана әуежайында Садыр Жапаровты премьер-министрдің орынбасары - Үкімет Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алғанын хабарлады.
Фото: president.kg
Еске салайық, бұған дейін Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері Астанаға жолға шыққаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!