Жанат Элиманов қайтадан Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жанат Қалдыбекұлы Элиманов Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша, Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы болған Дмитрий Малахов лауазымынан босатылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!