Украина Қырымды "Ресей аумағы" ретінде көрсеткен BBC картасына наразы болды
BBC картаға "Ресей Қырымды 2014 жылы жаулап алды" деген түсініктеме қосып қойған. Бірақ соған қарамастан Украина сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Олег Николенко BBC-дің Орыс қызметін "ресейлік үгіт-насихатты жарнамаламауға" шақырды.
"Севастополь мен Симферополь ешқашан да Ресей қалалары болған емес...Халықаралық құқықтың маңызы бар" деп жазды Николенко 24 қаңтарда Twitter-де.
Мәскеу 2014 жылдың басында Қырым түбегін басып алып, бірнеше аптадан соң Украинаның шығысында ресейшіл сепаратистерді қолдай бастаған. Қақтығыстан кемінде 13 200 адам қаза болған.
Қырым Татарларының жетекшісі Рефат Шубаров Facebook желісінде BBC-дың Орыс қызметін "сіздер Ресейге Қырымды басып алуға көмектескілеріңіз келе ме?" деп сұрады.
BBC өкілдері даулы картаға байланысты түсініктеме бермеді.
23 қаңтарда Ресей қалаларында ондаған мың адам көшеге шығып, Навальныйдың қамалуына наразылық білдірген. Навальный алты күн бұрын Германиядан Мәскеуге оралған бетте әуежайда ұсталып, сот оны сот өткенге дейін қамаған. Былтыр тамыз айында "Новичок" тобына жататын қауіпті затпен уланған Навальный есін жимаған күйі Германияға емдеуге жіберілген болатын. Сол жақта есін жиып, бірнеше ай емделген оппозициялық саясаткер содан бері алғаш рет өз еліне оралғанда ұсталды.
Полиция наразыларға дөрекі күш қолданды, ресми мәлімет бойынша 3700-ден астам адам ұсталған.