Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтауда пластикалық ота жасатқан депутат көз жұмды: клиника мәлімдеме жасады

Ақтауда косметикалық операциядан кейін бұрынғы депутат Ербол Айтуовтың қайтыс болуына байланысты жекеменшік клиника өкілдері мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медициналық мекеме басшылығы әлеуметтік желіде тараған кейбір ақпараттың шындыққа жанаспайтынын алға тартты. Клиниканың бас дәрігері Артур Тажиевтің айтуынша, жарияланымдарда аты аталып, айып тағылып отырған дәрігер отаны жасамаған.

"Әлеуметтік желілерде тарап жатқан шындыққа жанаспайтын әрі қарама-қайшы ақпаратқа байланысты мынаны хабарлаймыз: жарияланымдарда айып тағылып отырған дәрігер онда айтылған отаны жасаған жоқ. Ербол Айтуовтың отбасы мен жақындарына ауыр қазаға байланысты шын жүректен көңіл айтамыз", – деді ол.Сондай-ақ клиника өкілі медициналық мекеменің лицензиясына қатысты тараған мәліметті де жоққа шығарды. Оның сөзінше, клиника 2015 жылғы 31 шілдеде берілген №00650DE қолданыстағы лицензия негізінде қызмет көрсетеді. Бұл лицензия анестезиология және реаниматология бағыттарын да қамтиды.

Артур Тажиев бұқаралық ақпарат құралдарын, паблик әкімшілерін және әлеуметтік желі қолданушыларын тексерілмеген мәлімет таратпауға шақырды. Оның айтуынша, негізсіз айыптаулар қоғамды жаңылыстырып қана қоймай, медицина мамандарының ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Еске салайық, Маңғыстау облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты, KazPetroDrilling компаниясының Маңғыстау облысы бойынша вице-президенті болған 49 жастағы Ербол Айтуов 4 сәуірде липосакция жасату үшін «Қасиет» жеке клиникасына жүгінген. Кейін оның жағдайы күрт нашарлап, комаға түскен.

Марқұмның жұбайы Лаура Айтуованың айтуынша, анестезиядан кейін күйеуінің қан қысымы мен қандағы қант деңгейі бірден көтерілген. Ербол Айтуов жеке клиникадан облыстық ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимаған. Бір айдан кейін ол қайтыс болды.

Бұған дейін Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаменті «Қасиет» клиникасына тексеру жүргізіп, бірқатар заңбұзушылық анықталғанын хабарлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus