Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматы соты блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға соттады

Алматы соты "бопсалау" бабы бойынша айыпталған блогерлер Дамир Кушеев пен Руслан Каримовті 9 жылға бас бостандығынан айырды. Істі сот алқасы қараған. Бұл жөнінде ҚазТАГ жазды.

"Масқара сіздерге. Кінәсіз адамдарды ақтайды деп үміттенген едік. Тергеу дәлелдей алмады, бірақ ақыры бізді соттады. Біз қылмыс жасаған жоқпыз. Бірақ түрме жазасын берді" деді сот үкімі оқылғаннан кейін блогер Дамир Кушеев сот алқасы мүшелеріне.

Сот үкімі 19 ақпанда кешке оқылды.

28 млн теңге көлемінде қаражатты бопсалады деген күдікпен бір кәсіпкер мен екі блогер ұсталғанын полиция былтыр 23 қаңтарда хабарлаған. ҚазТАГ-тың дереккөздері ұсталған блогерлер – Дамир Кушеев пен Руслан Каримов екенін айтқан. Полиция сол кезде "күдіктілер әлеуметтік желілерде компромат жариялаймыз деп қоқан-лоқы көрсетіп, 8 млн теңге бопсалағанын, 10 млн теңге алып жатқан жерінде ұсталғанын" айтқан. Сотта жәбірленуші жақ сотталушылардың кінәсі дәлелденгенін айтқан. Олардың сөзінше, іс материалдарында 30,5 млн теңге көлемінде ақша аударылғаны жайлы ресми құжат бар.

Ал блогерлер өздеріне тағылған айыппен үзілді-кесілді келіспейді. Қорғау жағы іс ойдан құрастырылды деп санайды. Олардың айтуынша, қылмыстық іс блогерлердің азаматтық ұстанымы, жемқорлықты әшкерелеу талпыныстарымен байланысты. Бұған дейін адвокат Әмір Әкімжанов жәбірленуші жақтың ақша аударғаны туралы ресми құжат ол арыз бергеннен кейін екі күннен соң пайда болғанына назар аудартқан.

Екі блогер де Instagram-да танымал: Кушеевтің – 31,5 мың жазылушысы, ал Каримовің 5 мыңнан астам жазылушысы бар. Олар "Биліктің бассыздығы" (Беспредел властей) деп аталатын видео түсіріп,зерттеу жүргізген.

Кушеев бұрын Алматы прокуратурасында қоғамдық тәртіпті бұзу ісі бойынша 15 тәулікке қамалған. Ол заңсыздық болуы мүмкін жайтты видеоға түсірген деп айтылады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus