"Сырым" автомобиль өткізу пунктінде Ресейге бағыт алған 450-500 жүк көлігі ұзын-сонар кезекте тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.
Комитет мәліметінше, бұған Батыс Қазақстан және Самара облыстарындағы қолайсыз ауа райы себеп болған.
Қарлы боран мен бұрқасын Ресейдегі федералды жолдарда қозғалысты уақытша шектеуге алып келді. Ресейдің ТЖМ мәліметі бойынша, шектеулер 13 желтоқсан сағат 22:00-ге дейін жалғасады.
Жүк көліктерінің жүргізушілеріне ауа райының жақсаруын кемпингтерде күту немесе басқа өткізу пункттері арқылы бағытты өзгерту ұсынылған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!