Грузияның президенті парламентті заңсыз деп атап, қызметінде қала беретінін мәлімдеді. Брифинг кезінде Саломе Зурабишвили елде әділ сайлау өтіп, жаңа парламент сайланғаннан кейін ғана өкілеті аяқталатынын айтты. Оған дейін ол қызметте қалып, күресін жалғастыра бермек.
Грузия ОСК-нің мәліметінше, парламент сайлауында жеңіске жеткен "Грузин арманы" партиясы бұған дейін президент қызметіне бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвилиді ұсынған. Елде президент сайлауы 14 желтоқсанде өтеді. Алғаш рет ол жаңа жүйе бойынша өтеді – мемлекет басшысын сайлаушылар алқасы таңдамақ.
Оппозиция сайлаушылар алқасының болашақ жиналысына бойкот жариялаған. "Грузин арманы" партиясы парламентте басымдыққа ие, сондықтан да сайлаушылар алқасының кімге дауыс беретіні іс жүзінде белгілі.
Қазіргі президент Саломе Зурабишвилидің өкілеті заң бойынша 16 желтоқсанда аяқталады.
"Менің мандатым заңды парламент пайда болғанға дейін күшінде болады" деді Зурабишвили.
Сенбі күні кешке Грузияда Еуроодақпен келіссөзді тоқтатуға қарсы наразылық жалғасты. Наразылар Тбилиси парламентінде өрт қойды. Ғимараттың сынған терезесіне қарай петарда және шағын жарылғыш заттар лақтырылғаннан кейін өрт шыққанға ұқсайды.
Демонстранттар парламент алдында "Грузин арманы" партиясының негізін қалаушы Бидзина Иванишвилидің тұлыбын өртеді.
"Имеди" телеарнасының хабарлауынша, парламент алдындағы митингідегі тәртіпсіздікке қатысқаны үшін сегіз ресейлік ұсталған. Оларға "ұсақ бұзақылық", "полицияға бағынбау" және өзге де әкімшілік баптармен айып тағылды.
Грузияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі наразылық акциясын "билікті күшпен басып алу талпынысы" деп бағалады. "Грузияның конституциялық құрылымын өзгерту мақсатында сөз байланысты немесе төңкеріс жасау" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр.
Митингілер сонымен бірге Батуми, Кутаиси, Поти, Телави және өзге қалаларда өтіп жатыр.
Премьер-министр Ираклий Кобахидзе наразылыққа Еуропа саясаткерлері мен "бесінші колоннаны" айыптады. "Бесінші колонна" деп премьер парламент сайлауынан кейін парламентке өткенмен оның нәтижесін мойындамаған төрт оппозициялық партияны айтып отыр.
Екі күн ішінде полиция шамамен 150 адамды ұстаған. Грузияда 3,7 млн адам тұрады.