ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары Астанадағы Тәуелсіздік сарайына келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бұған дейін Астанаға Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон келгені белгілі болды.
Елдердің көшбасшылары Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысады.
Фото: Ақорда
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!