Астанада жеңіл көлік өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ мәліметіне сілтеме жасап.
Алматы ауданы А. Храпатый көшесі бойында жеңіл автокөліктің салоны мен қозғалтқыш бөлігі өртке оранған.
"Құтқарушылардың кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
ТЖМ автокөліктегі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!