АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 7 қазан 18.00-дегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы лауазымына 4 кандидат ұсынылды. Кандидаттар кімдер? Оларға қандай талап қойылады? Кезектен тыс президент сайлауы қашан және қалай өтеді? Биылғы сайлаудың ерекшелігі неде? Жылдың басты саяси науқанына қатысты ең өзекті төрт сұраққа жауап іздеп көрелік.