НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус пандемиясы кезінде сапалы әрі тексерілген ақпаратқа қажеттілік туып, бұл БАҚ рейтингін көтеруге ықпал етті. Бұл туралы «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Ләззат Танысбай отандық БАҚ саласын дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел жиынында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.