Добавить новость


World News


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әйелді өзіне үйленуді талап еткені үшін жазалауға бола ма: ІІМ жауабы

Егер әйел ер адамнан өзіне үйленуді талап етсе, ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе? Бұл сұраққа ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Мәжіліс кулуарында сталкинг пен некеге мәжбүрлеудің алдын алу тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында журналистер Әділовтен ер адамдардың сталкинг немесе некеге мәжбүрлеу бабы бойынша полицияға жүгінген-жүгінбегенін сұрады.

"Жоқ, бүгінде мұндай өтініш түскен жоқ", - деп жауап берді Әділов.

Сондай-ақ министрдің орынбасарынан мынадай жағдайды нақтылап сұрады: егер әйел аяғы ауыр болып, ер адамнан үйленуді талап етсе, бұл некеге мәжбүрлеу деп есептеле ме?
Әділов некеге тұруды талап етудің өзі әрдайым қылмыстық құқықбұзушылық құрамын тудырмайтынын түсіндірді. Жауапкершілікке тарту үшін бірқатар мән-жай жиынтығы қажет.

"Некеге тұруға мәжбүрлеу 125-1-бапта қарастырылған қылмыс құрамы. Әрекетті саралау және қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін бірқатар дерек жиынтығы бірдей болуы керек", - деді министрдің орынбасары.

Оның айтуынша, мұндай жағдайды қарастырғанда, қылмыстық жауапкершілік үшін әйелдің өзі немесе оның жақындары мен туыстары тарапынан қоқан-лоқы немесе күш қолдану әрекеттері болуы тиіс.

"Егер әйел өзіне үйленуді талап етсе, онда оның немесе жақындары мен туыстары тарапынан қауіп-қатер, күш қолдану болуы керек деген мәселе туындайды. Ал өзге жағдайда бұл азаматтық қарым-қатынас болып саналады", - деді Әділов.

Сондай-ақ ол бап санкциясында екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын атап өтті.
Мән-жайы
Еске сала кетейік, 2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстанда некеге тұруға мәжбүрлегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Қылмыстық кодекстің 125-1-бабы "Некеге тұруға мәжбүрлеу" бойынша жаза 2000 АЕК-ке дейінгі айыппұлды, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарды, сондай-ақ екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе одан айыруды қарастырады.
Бұған дейін Бас прокуратура жаңа бап некеге тұруға немесе бірге тұруға мәжбүрлеуге қатысты екенін, ал ауыр салдар болған жағдайда ең жоғары жаза 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру болуы мүмкін екенін түсіндірген болатын. Ведомство "алып қашу" дәстүр емес, қылмыс екенін баса айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus