Синоптиктер алдағы үш күнде – 14, 15 және 16 желтоқсанда Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның көп бөлігінде ауа райын солтүстік және оңтүстік циклондар анықтайды. 14-15 желтоқсанда жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. 16 желтоқсанда шығыс пен оңтүстік-шығыста қар жауады деп болжанған. Республика бойынша көктайғақ, тұман, желдің күшеюі және боран күтіледі.
"Түнде ауа температурасы еліміздің солтүстік-батысында 10-18 градус аязға дейін, солтүстікте және орталықта 15-25 градус аязға дейін, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста 10-17 градус аязға дейін, ал таулы аймақтарда 20-27 градус аязға дейін төмендейді", – делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!