Синоптиктердің болжамынша, 10 желтоқсанда еліміздің 12 өңірінде ауа райы қолайсыз болады: кей облыста тұман түссе, енді бір өңірлерде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Ұлытау облысының шығысында тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Павлодар облысының шығысында тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Шымкентте түнде және таңертең тұман.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!