Әзербайжан парламенті Таулы Қарабақтағы жағдайдың ушығуына байланысты бірнеше қала мен ауданда әскери жағдай енгізу туралы шешім шығарды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Әзербайжан президенті Ильхам Алиев республиканың бірнеше қаласы мен ауданында әскери жағдай енгізуді бекітті, елде дүйсенбіден бастап комендант сағаты енгізіледі. Бұл туралы президенттің көмекшісі Хикмет Гаджиев мәлімдеді.
"Әзербайжан президентінің жарлығына сәйкес әскери жағдай енгізіледі. Президент парламент шешімін бекітті", - деді Гаджиев журналистерге.
Әзербайжан Қорғаныс министрлігі үш танк жойылды деген ақпаратты жоққа шығарды
Еске салайық, 27 қыркүйек күні таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!